|    |  
20 қазан 2019
16:13
KASE: доллар қайта 270 теңгеге түсті
21 қыркүйек 2015, 13:51 25
Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 270 теңге 46 тиынды құрады. 18 қыркүйекте кешкі сауда 279,48 теңгемен жабылған.



Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 270-272 теңге болып тұр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Дереккөзі: Азаттық

 
Все новости