|    |  
24 мамыр 2019
08:18
КӘСІПТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
02 сәуір 2019, 11:24 49


Сізге өзіңіздің қалауыңызды, қызығушылығыңызды және қабілетіңізді түсінуіңіз керек. 
Бұл үшін өзіңіз бос уақытыңызда не жасағанды жақсы көресіз, немен айналысқанды ұнатасыз, қандай пәндерді қызыға оқисыз, қандай бағдарламалар сізді қызықтырады, қандай кітапты жалықпай оқисыз және т.б сұрақтарға шын және салмақты жауап беруге тырысыңыз. Өзіңізге ұнайтын қызмет туралы ата-анаңыздан, достарыңыздан, туыстарыңыздан сұрастырыңыз. Не болмаса өзіңізге қызық кәсіби бағыт туралы ғаламтор сайттарынан оқыңыз. 

Кәсіпті таңдау барысында өзіңнің жеке қабілетіңді, психологиялық, ойлану және денсаулық ерекшеліктеріңді анықтауың керек. 
Бұл мен не істей алам, қолымнен не келеді деген сұрақтарға жауап болады. Сізге еңбекпен қамту орталығы мамандары, мектеп психологы көмектесе алады немесе өзіңіз ғаламтордағы арнайы сауалнамаларға жауап беру арқылы қажетті ақпарат таба аласыз. Кәсіп таңдауда міндетті түрде денсаулығыңыздың ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауыңыз керек. 
Өзіңізге ұнайтын бағытта бақ сынап көріңіз. Өзіңді қызметтің түрлі салаларында сынап көру үшін қазір ғаламтор сайттары көптеген мүмкіндіктер береді. 
Мысалы, болашақ журналистер өздерін жаңалықтарда блогтарды жүргізуде сынап көре алады. PR саласының болашақ мамандары қандай да бір компанияның қызметі туралы ақпаратарды ғаламтор арқылы түрлі хабарландыру Тақталарына жайғасыруға көмектесе алады. 
Түрлі комьютерлік бағдарламалар арқылы тіл мамандары өздерін басқа мемлекеттердің адамдарымен аудармашы ретінде сынай алады. 
Дизайнерлер үшін ғаламтор ең жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Өздерінің шығармашылық туындысын үй компьютерлерінде жасап, кейін оны портфолиоға жүктей алады. Дизайнерлік кәсіптік бірлестіктер де жұмысқа орналасу мәселесінде түрлі бағыт-бағдар бере алады. Өз ісінің шеберлерімен танысу тамаша мүмкіндіктер береді. 

Әдетте мұндай жағдайлар теориялық дайындықтан да маңызды. 
Алғашында болашақ кәсіп ретінде қарастырғымыз келмейтін де кәсіптер кездеседі. Олар: желілік дәмханалар және мейрамханалардағы даяшы, пошташы, іс-қағаздар тасушы және тағы басқалар. Алайда ұйымдастырушылық қызметтің және ұжым ішіндегі міндеттердің қалайша бөлінетінін ұғу үшін экономикалық мамандықтардың 1-ші курс студенттеріне белгілі бір уақыт аралығында осындай қызметте жұмыс жасауларына кеңестер беріледі. Осындай тәжірибелерден өту арқасында олар болашақта басқарушы, ұйымдастырушы, психолог ретінде өздерінің жеке ісін аша алады. 
Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң қандай салада қызмет жасағыңыз келетінін ойлаңыз. Жұмысқа тұру мүмкіндігі бар ма екенін анықтаңыз. Әлемде қандай кәсіп үлкен сұранысқа ие, еңбек нарығына қандай кәсіп қажет... деген сұрақтарға жауап іздеңіз. Мүмкіндік болса сол жерге барып, ондағы мамандардың қалай және қандай жағдайда қызмет жасап жатыр, қандай ыңғайсыз тұстары бар екені туралы сұрастырып біліңіз. 
Ғаламтордан қандай кәсіпте бос орын бар екенін анықтаңыз. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3-5 жылдан соң қай салада жұмыс істегіңіз келетінін қазірден бастап ойланыңыз. Жəне өз ақылыңыз бен жүрегіңізді тыңдаңыз! Сонда ғана сіз дұрыс жол табасыз!
Все новости