|    |  
21 ақпан 2019
04:38
Қаскелең аңғарында жоғалған екі жасар бала табылды (ФОТО)
15 маусым 2016, 14:45 5


Құтқарушылар Қаскелең аңғарында жоғалған екі жасар ұл баланы тапты.
Алматы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 13 маусымда сағат 00:50-де Қаскелең шатқалындағы Іле-Алатау саябағы қызметкерінің 2014 жылы туған баласы жоғалғаны туралы хабар түсті. 7 адамнан тұратын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен кинологтар оқиға орнына шықты. Олар үй маңындағы аумақты, сонымен қатар баспана маңындағы жолдың 2 шақырымын тексерді.
Сағат 05:40 13 құтқарушы мен 2 кинолог көмекке келді. Күн шыққанда жол маңында баланың аяқ киімі табылды.  Іздеуге екі топ жұмылдырылды.  
Сағат 10:35 тау маңындағы аумақты тінтіген бір топ тастардың арасында ұйықтап жатқан баланы тапты. Баланың жағдайын тексерген дәрігер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтты. Құтқарушылар нәрестені ата-анасына қайтарды.

Все новости