|    |  
23 қыркүйек 2019
12:00
Кассир 1300 клиенттің картасынан ақша ұрлаған
11 қыркүйек 2019, 15:54 74
Жапонияның Токио қаласында сауда орталықтарының бірінде жұмыс істейтін 34 жастағы кассир Юсуке Танигучи барлық сатып алушылардың кредиттік карталарының деректерін бір көргеннен есте сақтап алып отырған.


 
Ол бірден 16 мәнді нөмірді, клиенттің аты-жөнін, қолданылу мерзімін, кодын жаттап алып, оларды блокнотқа жазып қойып отырған. Бұл ақпараттарды интернетте сауда жасау үшін пайдаланған. Сатып алған заттарды кейін ломбардқа өткізген. Ал ақшаны пәтері мен тамағына жұмсаған.
 
Ол ғаламтор арқылы өте қымбат тұратын екі сөмкеге тапсырыс бергенде ұсталған. 
 
Дереккөз: Life
Все новости