|    |  
21 қаңтар 2019
10:45
​Қайрат Нұртастың әні қолды болды
27 қазан 2015, 13:07 1348
Отандық өнерімізге шетелдіктердің қол салуы жалғасуда. Өткен аптада, Нұржан Керменбаевтың әнінің ұрланғаны жайлы айтып ауыз жиып болғанымыз осы еді. Енді міне, Қайрат Нұртастың да әні қолды болды. Нақтырақ айтсақ, Қайраттың қоржынындағы «Алматы түні» әні. Оны ұрлаған ұры шығу тегі кавказ ұлтының мына жігіті. 



Бұл бейнебаян көктем мезгілінде жарық көрген. Алайда, оны ешкім байқамаған. Дидо есімді жігіттің орындауындағы бұл әннің аты «Ты будешь моей». Осылайша, қазақ әндері шет елдерге танылып келеді. Осы қарқынмен алға жылжи берсе қос әншімізде қазақ өнерін әлемдік сахнаға алып шығуы әбден мүмкін. Естеріңізде болса, мұндай іс Нұржанның ызасына тиген еді. Ал, Қайраттың бұл іске қандай жауап қататыны әзірге белгісіз. Оны алдағы уақытта білетін боламыз. 



Дереккөзі: http://gakku.kz/
Все новости