|    |  
12 желтоқсан 2018
01:17
Қазақстан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізгеннен кейін дағдарыстан шығады-экстрасенс
05 тамыз, 08:57 1657
Қазақстандық белгілі көріпкел, Ресейдің «Битва экстрасенсов» телешоуының финалисі Бақыт Жұматова алдағы үш жылдың жайын болжап берді. Бұл туралы NewsTopке сілтеме жасай отырып ras.kz хабарлайды.



Көріпкелдің айтуына қарағанда, Қазақстан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізгеннен кейін дағдарыстан шығады. Шара өте жоғары деңгейде өткізіліп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін көтере түседі. Осыдан кейін елді көптеген олимпиадалар күтіп тұр. Республика дамудың бұрын-соңды болмаған секірісін бастан кешеді. Ресей мен Украина өзінің өндіріс орындарын Қазақстанға көшіреді. Мұның өзі баяғы 1941 жылды еске түсіреді.

Экстрасенс жақын келешекте әлемде тек Батыс Сібір мен Қазақстанның территориясы ғана сақталып қалатынын айтады. Жапония мен Израиль судың астына кетеді. Ал Ауғанстан жер бетінен мүлдем жоғалады.

Жұматова сондай-ақ «Ислам мемлекетінің» де тіршілік етуін тоқтатуына оншалықты көп қалмағанын сөз етті. Ол 2015-2016 жылдардың желтоқсан айына дейін ғана өмір сүреді.
Теги: Қоғам
Все новости