|    |  
15 желтоқсан 2018
00:34
Қазақстанда 1 млн еркек бала көтертуге қауқарсыз
18 мамыр, 10:03 1626
Қазақстанда 1 млн еркек бала көтертуге қауқарсыз

Қазақстанда 1 млн еркек бала көтертуге қауқарсыз. Мұндай деректерді Қазақстан репродукция медицинасының қауымдастығы келтірді. 2015 жылғы көрсеткіш бойынша бала тууға қабілетті адамдардың 10-15%-ы бедеуліктің түрлі формасына шалдыққан. 

Оның ішінде баласыз отбасылардың 48-50%-ы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмай отыр. 
«Әлемдік проблемаға айналған ерлер денсаулығының нашарлауы біздің елде де бар. Біздің орталыққа 1 жылда перзентке зар 1500 отбасы келеді. Жүргізілген тексерулерге орай олардың 50%-ында ерлердің денсаулығынан ақау шығады. 20%-ында репродуктивтік технологиялардың көмегі қажет. Менің айтарым, әйелдердегі бедеулікті 70% жағдайда емдеуге болатынын айтқым келеді. Тек ертерек дәрігерге көріну керек», - деді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметова. 
Маманның айтуынша, мұндай көрсеткішке ерлердің ішімдік, темекіге салынып, салауатты өмір салтынан алыстап кеткені себеп болып отыр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
Все новости