|    |  
14 қараша 2019
08:36
Қазақстанда кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі факторлар анықталды
06 сәуір 2017, 20:17 51



«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын жүргізетін «Іскерлік ахуал-2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша Қазақстанда бизнес өкілдерін сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне итермелейтін негізгі факторлар анықталды.

Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму жағдайын анықтау, бизнесті дамыту мәселелерін шешудегі жол картасы әзірлеу мақсатында жыл сайын өткізілетін сауалнамаға 2016 жылы  4100 респондент-кәсіпкер қатысқан, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Осы зерттеуді жүргізу барысында биыл қатарынан екінші жыл бизнес сласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі анықталып отыр. Осы орайда, сауалнамаға қатысушылардың 71% сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігіне жоғары баға берсе, 28% сыбайлас жемқорлық деңгейінің азайғанын байқағандарын білдіргенін атап өту қажет.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, сауалнамаға қатысушылар кедендік органдарда, экономикалық тексеру қызметі мен көлік инспекциясында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары деп көрсеткен. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жоғары деп танылған. Ал, Павлодар (56%), Ақмола (45%) және Солтүстік Қазақстан (40%) облыстарында сыбайлас жемқорлық біршама азайғанын байқауға болады.

Сонымен, кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі факторлар қандай деген сұраққа жауап беретін болсақ, бизнес өкілдері мұндай факторлардың қатарында мыналарды атап көрсетті: кәсіпкердің қосымша бәсекелестік басымдыққа қол жеткізуді қалауы; тексерулердің жиі өткізілуі; қолайсыз әкімшіліктендірілген ортада бизнесті сақтау мақсатында мәжбүрлік төлемдер, өтінімдерді қарау мерзімінің ұзақтығы; кәсіпкерлердің заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен қашу ниеті; рұқсат құжаттарына қойылған бағаның жоғарылығы (лицензия, сертификаттар, патенттер және т.б.); орындалмайтын міндетті талаптар немесе мемлекеттік органдардың әкімшілік процедуралары; талап еу көлемінің көптігі.



Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жазаны қаталдатуды, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша уәкілетті орган қызметінің тиімділігін арттыруды, билік органдары қызметкерлерінің әрекетіне, олардың табыстарына, отбасы мүшелерінің табыстары бақылауды күшейтуді, мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыруды ұсынған.

Сонымен қатар, зерттеу барысында өңірлердегі параның орташа көрсеткіштері де анықталды (төмендегі инфорграфикадан қараңыз).



Анықтама ретінде: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдан бастап жыл сайын еліміздегі іскерлік ахуалға зерттеу жүргізеді. Зерттеудің мақсаты кәсіпкерлердің сауалнама жауабы негізінде өңірлердегі бизнесті жүргізуге қолайлылық рейтингісін анықтау.

 
Айдар ЖАНАЙ
 
Все новости