|    |  
14 қараша 2019
08:30
Қазақстанда пара сомасы $500 мыңға дейін жеткен
18 тамыз 2015, 10:14 28
 

Қазақстанда 2015 жылдың 7 айында 1728 жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалып, оның 552-сі парақорлыққа байланысты болған. Пара сомасы рекодтық $500 мыңға дейін жетті. Бұл туралы kapital.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Парақорлыққа қатысты мәліметтерді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жария етті.

Агенттік дерегіне сәйкес, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл пара саны көбейген. Бұл елде жемқорлықты әшкерелеу көбейгенін де байқатады.

«2014 жылдың дәл осындай уақыт аралығында агенттік 429 парақорлық жағдайын тіркеп, пара сомасы $200 мыңға жеткен», – деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
 
Все новости