|    |  
21 маусым 2019
02:29
Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды
19 мамыр 2016, 09:20 13


Google-да жұмыс істеп келген қазақстандық Ғалымжан Етеулин бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды.

«Ұлымды құттықтаймын!!! Ғалым Google-да қызметі өсіп, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды. Мен оны мақтан тұтам. Небары екі жыл бұрын ол тағы бір әлемге танымал компания AMAZON-да қызмет істеп жүріп, Google-ға ауысқан еді. Ғалым қазірдің өзінде бірнеше жобаның Tech Leader-і, бұған дейін бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып үлгерді», - деп жазды Facebook-тегі парақшасына оның анасы Хафиза Баймұхан.
Все новости