|    |  
16 желтоқсан 2019
09:49
​Қазақстандық әжелер әлемді бағындыруда
31 мамыр 2019, 17:48 89
Елімізде «Саяхаттандырылмағандықтарыңыздан» деп аталатын жаңа трэвел-шоу іске қосылды. Бұл жобаға бұрын ауылдан ұзап шықпаған төрт қария қатысады. Жобаның мақсаты – қарттарды саяхаттауға ынталандыру. Бұл жобаның баламасы жоқ. Жобаның көркемдік жетекшісі Василь Хомко. Бұл әлеуметтік жоба және қазақ тілінде жүргізіледі, деп жазады tengritravel.kz.


 
Режиссер: «Мен өзім 76 елде болдым және шетелге алғаш шыққан адамдардың эмоциясы қандай болатынын білемін. Әсіресе егде жаста. Биыл «Саяхаттандырылмағандықтарыңыздан» жобасын түсіреміз. Бұл трэвел-шоудан гөрі, әлеуметтік жобаға көбірек ұқсайды. Мұнда тұрақты жүргізуші жоқ. Әр жаңа елге бір әжейді апарып, әлемге сол кісінің көзімен қарап көреміз. Екі әжені саяхатьқа апарып үлгердік»-дейді.


 
Жобаға бірінші болып Ақсайда тұратын 75 жастағы Майғайша апа мен 71 жастағы Момыхан апа қатысқан. Ол кісілер Тайланд пен Кариб аралдарына барған. Екеуі де өмірлердінде шетелге алғаш рет шыққан.




 
Все новости