|    |  
20 қазан 2019
13:36
Қазақстандық зейнеткер Жапония үкіметінен 7 млн доллар талап етіп отыр
02 мамыр 2019, 15:32 181
Тоқсан жастағы қазақ зейнеткері Жапония үкіметін сотқа берді. Түркістан облысының Леңгір қаласының тұрғыны Жаония елдінің басшылығынан 7 млн доллар талап етті, деп хабарлайды  «Евразия» бірінші арнасы


 
Мамед Алиевтің айтуынша оның үйінің астында 24 жапон солдаты жерленген. Адам қалдықтарын 1956 жылы құрылыс жұмыстары кезінде тапқан. Сол кезде оған үй салу үшін жер берген. Кейін Ұлы Отан соғысынан кейін қалада жапон тұтқындары ұсталған лагерь болғаны анықталды. Олар жергілікті шахтада істеген.
 
Жапония үкіметі мұнда отандастары жерленгенін біледі. 1987 жылдан бастап шетелдік делегация Мамед Алиевке жыл сайын келіп тұрған. Олар учаскені сатып алатындары туралы ауызша келісім жасаған. Қылдықтарды шығарып алатындары айтқан. Оларды сақтау үшін зейнеткерге 20 мың доллар төлеуге уәде еткен. Бірақ уәделерін сол күйі орындамаған. Енді зейнеткер өтіп кеткен уақыт үшін7 млн доллар талап етіп отыр.

«Мен баламды жоғалттым. Жұбайымды, денсаулығымды, бәрін жоғалттым. Маған шығынды өтесін»-дейді қария.
Жапондықтар зейнеткердің үйіне соңғы рет 2012 жылы келген. Делегация құрамында болған сарапшылар қалдықтардың ДНҚ-сын зерттеген. Бірақ сүйектер сол қалпы үйдің астында қалған. Жапондықтардың қарияға келгенінқала тұрғындары біледі. Қария жақында Токионың Жоғарғы сотына арыз берген.




 
Все новости