|    |  
07 желтоқсан 2019
01:20
Келіншек 27 жыл комадан кейін оянған
24 сәуір 2019, 10:10 133
Германияда 27 жыл комада жатқан келіншек есін жиған. Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғыны Мунира Абдулла 1991 жылы жол көлік апатына түсіп, бассүйегіне зақым келген. Оның машинасына мектеп автобусы соғылған. Көлікте оның ұлы да болған. Анасы оны жауып қалып, аман алып қалған. Бала жеңіл жарақаттанған.


 
Мунираны жергілікті ауруханаға жеткізіп, кейін диагноз қою үшін Лондонға ауыстырған. Кейін БАӘ-ге қайтарып, түтік арқылы тамақтандырып, физиотерапия жүргізген. 2017 жылы Әбі Дабидің тақ мұрагері Мохаммед бен Заид бұл отбасындағы жағдайға назар аударып, Мунираның Германиядағы емін төлеп берген. Бір жылдан кейін Мунира дыбыс шығарып, тағы бірнеше күннен кейін ұлының атын айтқан. Қазір келіншек отбасымен бірге Абу-Дабиге оралған. Емін жалғастыруда.

Дереккөз: Daily Mail
Все новости