|    |  
15 қыркүйек 2019
16:43
Келіншек егіздерді арасына 2,5 ай салып босанған
19 тамыз 2019, 16:27 56
Орал облыстық перинатальдық орталығында ерекше оқиға орын алды. Келіншек егіз балаларын арасына 2,5 ай салып босанған.


 
Лилия Коновалова қыз баласын 24 мамырда босанған. Бала шала туған. Салмағы 850 грамм болған. Ұзақ уақыт реанимацияда жатып, аман қалған.
 
Келіншек 9 тамызды ұлын дүниеге әкелген. Оның салмағы 2900 кг болған. Қазір екі бала да анасымен бірге. Перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.
 
Келіншектің 7 жастағы үлкен қызы бар. Егіздерге, ұлына Максим деп, қызына Лия деп есім берген.
 
Соңғы 60 жылда мұндай оқиғалардың саны 70-тен асқан. Ал мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет орын алып отыр.

Дереккөз: Уральская Неделя
Все новости