|    |  
21 қараша 2019
18:12
Келіншек көзіне шөп салған күйеуіне он қорап тиын беріп, кек қайтарған
30 қазан 2019, 12:00 94
АҚШ тұрғыны Брэнди Ли өзінің құрбысымен көзіне шөп салған күйеуін ұстап алған соң ажырасуға арыз берген. Ажырасу процесінде сот келіншекті күйеуіне 7,5 мың доллар төлеуге міндеттеген.


 
«Бұл әйел біздің тойымызда болып, ерім екеуміздің бір бірімізге ант берген сәтімізді де көрген. Мен оларды бірге ұстап алдым, іс сотқа жетті. Бірақ әділетсіздіктің себебінен мен жолдасыма 7,5 мың доллар төлеуге мәжбүр болдым»-дейді келіншек.
Бұған ызаланған келіншек бар ақшасын банкке апарып, түгелдей тиынға ауыстырып алған. Солайша еріне жалпы салмағы 159 кг болатын он қорап ақша берген.
 
Дереккөз: Lenta.ru
Все новости