|    |  
17 қараша 2018
18:01
Кемеден құлаған келіншек ашық теңізде 38 сағат жүзген
16 тамыз, 16:40 1365


Шанхай тұрғыны Фань теңіздегі саяхат кезінде кемеден құлап кетіп, 38 сағат бойы суда қалып қойған. Келіншек теңіз лайнерінің төртінші палубасынан құлаған. Бұл жеті қабатты үйдің биіктігіндей. Айғайлап, көмекке шақырғанмен оны ешкім естімеген. Жармасып қармап қалатын да ештеңе болмапты. Осылайша ашық теңізде бір жарым күн жүзген 32 жастағы келіншекті қайық мінген балықшылар тауып алған.
Басы аман, зардап шекпеген. Дәрігерлер тек оның қолдарының күлдіреп ісіп кеткенін айтып отыр. 38 сағат ашық теңізде жүзіп, аман қалған азаматша бес жасынан бастап жүзумен шұғылданған екен әрі табиғатынан төзімді болса керек.

Дереккөз:  caravan.kz
Все новости