|    |  
13 қараша 2019
12:01
Кептелістен баласының көлігіне жол ашып берген ана Желі жұлдызына айналды
23 ақпан 2018, 17:29 24



Желіде Ресейдің Орел қаласындағы көшеде болған оқиғаның видеосы кеңінен таралуда. Анасы кептелісте тұрған баласының көлігіне жол ашып беріп, реттеушінің рөлін атқарған, деп хабарлайды "Российская газета".

Ролик Орел қаласында түсірілген. Бірнеше қатарға тізіліп кептелісте тұрған көліктердің жолын кес-кестеген ана ұлының Opel маркалы көлігін аман-есен көше қиылысынан өткізіп жіберген. Ролик авторы оған «Өткізбейді ме? Қазір, балам, анаң бәрін де реттейді!» деген жазба қалдырған

Роликті тамашалаған Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі әйел жол-көлік қозғалысы ережелерін өрескел бұзған десе, енді бірі, керісінше, оның бұл әрекетін құптап, мұндай жағдайдан көлік апатына ұшырамай, аман-есен шығудың бірден-бір жолы деп есептейді.


 
Все новости