|    |  
17 желтоқсан 2018
05:20
Кір жуғыш машинаның түрлері
21 наурыз, 15:55 85
Тұрмыстық техниканың оңтайлы нұсқасын таңдауда кір жуғыш машинаның негізгі жұмыс аспектілері мен құрылғылардың түрлері туралы таныс болған жөн.




Мәселен, кірдің жүктелуіне қарай тік және көлденеңінен жүктелетін кір жуғыш машиналар болып бөлінеді. Қалыпты кір жүктеу машиналары бүгінгі күні нарықта кең көлемде кездесіп жүр. Олар көлденеңінен кір жүктейтін аналогтарға қарағанда әлдеқайда әдемі. Сату көшбасшылығына мұндай кездері Bosch, Zanussi, Candy Holiday, Samsung, Indesit, Electrolux құрылғыларына ерекше орын бере аламыз. Ең танымал болып толық өлшемді құрылғылар есептеледі, бұлар бір жүктегенде 6 кг киімге дейін жүктеу мүмкіндігіне ие.

Көлденеңінен кір жүктелетін кір жуғыш машиналар өзгелерге қарағанда анағұрлым сенімді келеді. Бұл бірінші кезекті орналастырылған екі амортизаторға тікелей байланысты. Мұндай модельдерді пайдалану өте ыңғайлы әрі ұтымды.
Кір жуғыш машиналарды таңдаған кезде кірдің жүктелуі мен көлеміне қатысты критерийлермен қатар, энергия жұмсау класына да, кір жуу мен қысудың тиімділігіне де назар аударған жөн. Ең сапалы болып А және В таңбалануындағы модельдер саналады (Еуропалық қоғам шкаласы негізіне сәйкес), ал F, G әріптерімен белгіленген құрылғылар онша тиімсіз келеді.
Кір жуғыш машинада салынған кірді айналдыру мөлшері мен сығу да маңызды рөл атқарады. Сапа мен бағаның жақсы үйлесімі ретінде минутына 800-1000 айналымды дұрыс деп есептейміз.

Сонымен қатар мұндай құрылғыларды сатып алуда басқару жүйесі де маңызды орын алады: ол механикалық немесе электронды болуы мүмкін. Соңғы үлгілері кірдің жуылуы кезінде сәнді жарықдиодты индикаторлар арқылы температураның мөлшерін бақылауға, өздігінен айналым көлемін белгілеуге, сонымен қатар агрегаттың қателігін түзеуге мүмкіндік береді.

Кір жуғыш құрылғыны сатып аларда оның жуынатын бөлмедегі орналасатын жеріне де мән берген маңызды.


http://mirsovetov.ru
 
Все новости