|    |  
14 желтоқсан 2018
01:11
Көлік магнитоласын қалай таңдау керек және қандай айырмашылықтары бар?
12 наурыз, 17:57 89
Автокөлікте сүйікті музыкаңызды жайлылықта тыңдағыңыз келе ме? Бұл арада әуеннің дыбысы тек акустикаға емес, көлігіңіздегі магнитолаға да байланысыт екендігін естен шығармаңыз. Олай болса көлік магнитолаларыңыз түрлері және оларды  бір бірінен ажырату жөнінде сөз етейік.



Қалыпты жағдайда көліктегі аудиосистема магнитола және оның бағандарынан тұрады. Егер сапалы дыбыс қаласаңыз, сыртқы күшейткішті арттыру қажет (ең кемінде 5 динамикаға дейін). Ал мұның барлығын басқаратын магнитола болмақ, дыбыстың сапасы тікелей соған бағынышты.

Автокөлік қолданушылардың арасында ең танымалдылыққа ие магнитола шығарушы фирмалар Pioneer, Alpine, JVC және Sony болып табылады. Ал Mystery, Prology мен SUPRA өнімдері арзан бағалы болып есептеледі. Еер көлігіңізге артық дыбыс қажет етпесеңіз, соларды алуға кеңес береміз. Сондай ақ көліктегі басқа құрылғылардың сапасы сын көтермесе қымбат магнитола алғаннан пайда бола қоймайтыны естен шығармаңыздар.

Көлік магнитоласының техникалық сипаттары

Шығу қуаты неғұрлыс күшті болса, күшейткіш дыбыс та мықты болмақ. Көп жағдайда өнім шығарушылар асыра сілтеп, жалған сандар көрсетіп жіберуі мүмкін, сондықтан оған да мұқият болғайсыздар.

Дыбыстар. Дыбыс сигналының қатынасы 90 дБ-ден кем болмауы керек. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, дыбыс сапасы да соғұрлым мықты болмақ.

Кассета корпусының өлшемі. Әдетті тиімділік үшін магнитолалардың көлемі бірдей болып қалады. Қалыпты жағдайда ол 1 DIN. Бірақ 2 DIN өлшемімен келетін түрлері де кездеседі. Олар үлкен дисплей және әртүрлі функцияларға ие. Қосымша қасиеттері де мол.
 
Тюнердің сезімталдығы. Оның көрсеткіші 1мкв немесе одан да  кем болуы қажет. Бұл егер қала сыртына шығатын болсаңыз, авторадионың жақсы ұстауына әсер етпек.
 
Арналардың саны. Егер екі арналы магнитола таңдасаңыз көлікке тек 2 динамика, ал төрт арналы магнитолаға 4 динамика орната аласыз. Бес арналы магнитоланы да орнатуға болады, бірақ ондай жағдайда  сабвуфер қажет болады. Бірақ неғұрлым көп арналы болса, соғұрлым жақсы екендігін есте ұстаңыз.

Эквалайзердің және тілімдердің болуы. Эквалайзер дыбыстың тембрі мен жиілігін қалыпты ұстауға көмектеседі. Оның көрсеткіш бағандары неғұрлым көп болса, дыбыстың бақылау және өзгерту  оңай болады.


 
Операциялық қондырғылар дыбысты басуға, дисплейдің жарығы мен түсін өзгертуге, және дизайнды басқаруға мүмкіндік береді. Кейбір автокөлік иелері үшін USB құралдары немесе  SD жадының маңызды болары сөзсіз. Олардың арқасында тек қана дискілерден емес, басқа да құрылғылардын әуен тыңдау мүмкіндігіне ие боласыз.
 
Сондай ақ ұялы телефондармен байланысының да маңызы зор. Қалта телефондарына қосу арқылы музыка, радио, тіпті аудио дыбыстарды тыңдауға болады.
 
 Дереккөз: http://amastercar.ru
Все новости