|    |  
24 ақпан 2020
02:34
Көлік терезесін ұрып сындырмақ болған полицей күлкіге қалды
20 қыркүйек 2017, 10:50 52


Желі пайдаланушылар жол бойында тоқтап тұрған көліктің жүргізушісін тұтқындауға әрекеттенген ресейлік полицейдің әрекетін күлкіге айналдыруда.

Полицей алдымен көліктің брондалған терезесін қолмен ұра бастайды да, жүргізушінің көліктен түсуін сұрайды. Онысынан түк шықпағанына ызыланған ол, ашу-ызаға бой беріп, көлік терезесін дубинкамен ұра бастайды. Тіпті, арасында кілтпен ұрып сындыруға әрекеттенеді.

Видеоны бірер күннің ішінде 25 мыңға жуық адам тамашалап, «Қонжық шындап ашуға мінді», «Қандай қорқынышты коп», «Маразм», «Сорақы», «Байғұс, шалбарының ішіндегі артық салмақты көтере алмай қалды», «Жындыхана» - деген секілді пікірлер қалдыруда.





Дереккөзі: Ресейлік БАҚ
Все новости