|    |  
18 қаңтар 2019
23:20
Көліктерден құралған кемпірқосақ
11 тамыз 2016, 12:18 734

 
Джорджия штатында 76  Dodge Challenger көлігінен түрлі-түсті кемпірқосақ құрастырып шығарды. Статистика бойынша әлемде күміс түсті, ақ және қара түсті көліктер саны басым. Dodge Challenger клубының мүшелері осы деректі жоққа шығарғылары келді ме, түрлі-түсті көліктерді жинауға бел шешіпті. Бұған шығарушы фирманың өзі көмектескен. 76 «Челленджерден» тұратын кемпірқосақтың ішінде көліктің сары түстісі ғана жоқ. Сары түсті көлік иелері шараға келе алмаған. Кемпірқосақты жасауға 2 сағат уақыт кеткен.
Peach State Challengers автоклубы Атлантада 2014 жылдың қаңтарында құрылған. Бүгін де 400-ге жуық мүшесі бар.
 


Дереккөз: motor.kz
Все новости