|    |  
28 қаңтар 2020
02:36
Қонақтың мәйіті бірнеше күн бойы үстел басында қалып қойған
10 қаңтар 2020, 10:18 163
Беларусияның бір ауылында қонақтың мәйіті бірнеше күн бойы үстел басында қалып қойған. Келіншек жолдасының бірнеше күн бойы үйге қонбағанын айтып, полицияға шағым түсірген. Полиция жоғалған ер адамның соңғы рет бір ауылдасының үйінде қонақта болғанын анықтаған.

 
 
Соңында оның мәйіті сол үйдегі мерекелік дастархан басынан табылған. 2019 жылдың 30 желтоқсанында көңілді кеш өткен. Үй иесі мен оның арасында жанжал болып, үй иесі қонағын басынан ағашпен ұрып жіберген. Бірақ ол үстел басында капюшонмен отырғандықтан үй иесі оның өлгенін байқамай да қалған. Оның көз жұмғанын бірнеше күннен кейін ғана білген. Бірақ полиция шақырмаған. Қазір тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: РИА Новости
Все новости