|    |  
17 ақпан 2020
08:11
​Көшеден бір қорап ақша тауып алған ер адам оны банкке қайтарған
24 қаңтар 2020, 16:44 270
Американың Мичиган штатының тұрғыны 27 мың доллар салынған қорап тауып алған.

 
 
21 қаңтар күні Джордж Кондэш көшедегі банкоматтың жанынан «40 мың доллар» деген жазуы бар қорап тауып алған. Әуелде ол оны қоқыс деп ойлаған, бірақ кейін алып кеткен. Машинасына салып алып, банкке келген. Банк қызметкерлері бұған қатты таңғалған. Нәтижесінде инкассаторлардың бірі ақша толы қорапты банкоматтың жанында ұмытып кеткені анықталған. Видеобақылау камерасынан қораптың сол күйі 20  минут тұрғаны көрінген. Бірақ сыртында 40 мың доллар деп жазылып тұрғанымен, ішінде 27 мың доллар шыққан. Банк Кондэшке ақшалай сыйақы берген.
 
Дереккөз: Lenta.ru
Все новости