|    |  
23 қыркүйек 2019
11:54
Көшелерге темекіден бас тартуға шақыратын "тірі" билборд орнатылды - ВИДЕО
12 қаңтар 2017, 14:46 34


Швецияның Hjärtat дәріханалар желісі Стокгольм қаласында көшелерге темекі түтінінен жөтелетін «тірі» билбордтар орнатты, деп хабарлайды lenta.ru.

«Тірі» дейтініміз, билборд ішіндегі ер адам мұрнына темекі түтінінің иісі «келгенде» жөтеле бастайды. Белгілі болғандай, жарнама билборды түтін детекторымен жабдықталған. Ролик соңында ер адам жөтеліп біткен соң, темекіден бас тартуға көмектесетін дәрі-дәрмектер таныстырылады.

Темекіге қарсы науқан аясында жүзеге асқан бұл акция Стокгольм тұрғындарының таңданысын тудырғаны анық.

Науқанды ұйымдастырған компания өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеодан қала тұрғындарының заманауи технологияны пайдаланып ұйымдастырылған бұл науқанға қатысты көзқарастарын анық байқауға болады. Көшеде темекі шегіп келе жатқан адамдардың кейбірі бұған тек күліп қана қоя салса, кейбірі бірден қолданырдағы темекілерін сөндіріп тастаған. 



Кампанияны ұйымдастырушылар егер осы жарнама қалқандарының көмегімен темекіден бас тартқандар саны артатын болса, өздерінің діттеген мақсаттарына қол жеткізгені деп санайтындығын айтуда.


Дереккөзі: http://lenta.ru

Аударма: Айдар ЖАНАЙ
 
Все новости