|    |  
11 желтоқсан 2018
18:32
​Қой көші Мадрид көшелерімен өтті
27 қазан, 09:30 767

Испания шопандары Мадридтің орталық көшелерімен маңыратып қой айдап өтті. Олардың жайлаудан қыстауға көшкен мезгілі қала тұрғындары үшін дәстүрлі мерекеге айналған. Халық бұл күні түрлі музыкалық аспаптар ұстап, әндетіп көшті қызықтайды. Біреулер үшін қызыққа айналған бұл көштің қойшылар үшін маңызы зор. Қала ішіндегі 125 шаршы шақырым көшені басып өтетін шопандар, бұл 8 ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр дейді. Виктор Карраско, қойшы: - Қыста солтүстікте қар қалың болады. Сондықтан біз қойды оңтүстікке көшіреміз. Ал жазда жайлауға қайта келеміз.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости