|    |  
12 желтоқсан 2019
05:59
ҚР Мемлекеттік хатшысы Шымкентте өткен халықаралық әйелдер форумына қатысты
09 желтоқсан 2015, 15:16 29
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық әйелдер форумы өтті.Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Г.Әбдіқалықова, ОҚО әкімі Б.Атамқұлов, Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының президенті Раушан Сарсембаева, Ұлттық комиссия мүшелері мен халықаралық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.



Форум ашылуында сөз алған аймақ басшысы еліміздің білім саласында 65%, денсаулық сақтау саласында 75%, басқару корпусында 50% әйел қауымдары құрайтындығын айтты.

«ОҚО-да 30 мыңнан астам ұйым мен мекеме жұмыс жасайды. Олардың 10 мың әйелдер басқарады. Сәйкесінше 32,5% құрап отыр. 10 айда кіші және орта кәсіпкерліктің саны 190 мың болса, оның 69471 немесе 36,5% әйелдер басқаруда. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікпен белсенді айналысып отырғандығын білдіреді» - деді.

Форумның арнайы қонағы Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде  қазіргі заманауи әлемдегі көп елдерде жағдайдың күрделі және тұрақсыз болғандықтан, тиімді амалдарды дайындау маңыздығын атап өтті.

Г. Әбдіқалықова отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне және әйелдерді қоғамдық-саяси ілгерілету мәселелеріне ерекше тоқталды.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларды Бес институционалдық реформаларды, Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысуға, дағдарысқа қарсы шаралардың аясында қарастырылған жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға шықырды.

Г. Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдер әлеуеті өңірді дамыту мен өркендетуіне толық пайдаланылатынына сенім білдірді.

Дереккөзі: shymkent.gov.kz
 
Все новости