|    |  
14 желтоқсан 2018
01:07
Криштиану Роналду өзінің жеке құпия сырларымен бөлісті
27 ақпан, 15:08 93


Мадридтік «Реал» және Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду айнадағы өз келбетіне қарау ұнайтындығын мойындады. Сонымен қатар, ол әдетте үйде немен айналысатынын айта келіп, сериалдар мен деректі фильмдерді ұнататынын атап өтті, деп хабарлайды Вести.

Чемпионат.Com басылымының хабарлауынша, «Сымбатты болумен қатар, адам өз-өзіне ұнай білуі қажет. Адамда өзін-өзі бағалай білу қасиеті болуы тиіс. Мен өзімді ханзадамын деп айтпаймын, бірақ өзіме ұнауым керек. Айнаға қараған сәтте, ондағы көрініске көңілім толады. Мен өз-өзіме қарағанды жақсы көремін», - дейді Роналду.

Сонымен қатар, португалиялық футболшы үйде футболды өте сирек көріп, тамашалайтынын мәлімдеді. «Өз досымның командасы ойнап жатқан кезде немесе өте маңызды матч, мысалы дерби, өтіп жатқан кезде ғана қараймын. Сериалдарды, фильмдерді және деректі түсірілімдерді көбірек көруге тырысамын, олардан көп нәрсе алуға болады», - дейді Роналду.
 
Все новости