|    |  
18 қараша 2018
12:53
Ксеll абоненттерге 1,5 млрд-тан астам теңгені қайтармақ
21 шілде, 17:10 672
  

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. ТМР БҚК атынан ҚР ҰЭМ монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша, «Ксеll» АҚ-ға бәсекелестік заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды.

Соттардың, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заңды және негізді деп танылды.
Ағымдағы айда «Ксеll» АҚ тұтынушыларға 2012-2013 жылдың 9 айы кезеңінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.

Бұл ретте, «Ксеll» АҚ әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады.

 
Теги: Главная
Все новости