|    |  
19 қараша 2019
10:21
Күліп отырып билеген 93 жастағы әже Желі жұлдызына айналды
17 ақпан 2018, 17:24 33


Желіде 93 жастағы әжейдің көңілді музыкаға билеп отырып, қарқылдап күлген сәті бейнеленген видео жарияланды.

Ролик 14 ақпанда Twitter әлеуметтік желісінде @joana_zanin10 аккаунтында жарияланды.

«Менің анам 93 жастағы әжейді жаттықтырады, бұл әлемдегі өте керемет көрініс. Күлкі мен жарқын көңіл оны жастық шаққа жетелейді», - деген жазба қалдырған кидео авторы.
 
Әже денсаулығына байланысты орындықта отырып жаттығады. Жаттығу барысында ол әрдайым күліп, жайдары отырған. Жаттығу соңында ол өз жаттықтырушысына жастар стилімен «бес» беруді де ұмытпайды. 

Роликті жарияланған сәтінен бастан 7,5 млн адам көріп тамашалаған. Жазбаны 136 мыңнан астам адам бөліскен және 390 мың «Ұнайды» лүпілін жинаған.
 
 
Дереккөзі: БАҚ
Все новости