|    |  
21 қараша 2018
17:07
Құм мен алтыннан керемет картиналар салатын талант иесі
20 сәуір, 18:32 548


Неміс суретшісі Тим Бенгель құм мен алтынды пайдалана отырып, керемет көркем сурет стилін ойлап тапты.

Алдымен кенепке арнайы жабысқақ материал жағылады, содан кейін суретші алтын мен қара түсті құмның көмегімен болашақ картинаның нобайын салады. Әдетте, мұндай эскизге ол бірнеше апта уақытын жұмсайды екен.

Осыдан кейін картинаның бетіне толығымен ақ түсті құм себіледі. Процестің ең соңғы сатысында кенепті тігінен көтерген сәтте ондағы бүкіл артық нәрселер сырғып түседі де, көз алдыңызда ғажайып өнер туындысы пайда болады.Суретші мұндай керемет суреттерді салу үшін құмның өте көп мөлшерін пайдаланатындығын айта келіп, жұмыс соңында нәтижесінде қандай картина шығатынын тіпті өзі де алдын ала болжай алмайтынын айтады.






Айдар ЖАНАЙ
Все новости