|    |  
21 мамыр 2019
13:54
Құнанбай қажы мен Ағыбай батырдың алғашқы кездесуі
08 сәуір 2019, 10:31 56


Кезінде Кенесары ханның атақты батыры Шұбыртпалы Ағыбай батыр бір жұмыспен Сүйіндік Мұсаны іздеп үйіне барса, Құнанбай мен Мұса тобықты Құнанбайдыкіне кетті депті. Құнанбайдың үйіне барса, Құнанбай мен Мұса сөйлесіп отыр екен. Сəлем беріп үйге кіріп келгенде, Мұса сəлемін алып, Құнанбай елемепті. Ағыбыбай қамшысын тізесінің астына басып күтіп отырып, Мұсаның сөзін бітіріп болған соң, Құнанбайға:
- Сəлем бердім алдына,
Қабыл көріп алдын ба,
Көзіңнің қырын салдын ба?
Мынау келген мейман кім деп,
Сілкіп көрпе салдың ба?
Екі көздің алдыңда,
Осындай сопы болдың ба?
Есіктен келген тондыға
Тонды деп көңілін толды ма?
Оп-оңай тонды болды ма?
Өзін-өзі зор тұтқан,
Пайғамбарды қор тұтқан
Ібіліс малғұн болды ма?!
- деп үйден шығып кетіпті. Құнанбай "бұл кім еді?" деп сұрағанда, бұл "Ағыбай батыр" депті. Құнанбай артынан тұра жүгіріп шақыртқан екен, артқа мініп қалған Ағыбай батыр артына қайырылмай жүріп кетіпті.
Все новости