|    |  
21 қараша 2019
18:22
Күнделікті сөздердi қалай дұрыс қолдану керек?
01 қараша 2019, 12:10 70
Кейде қарапайым ғана сөздердi дұрыс қолданбаудың салдарынан көздеген мақсатымызға жете алмай жатамыз. Сондай өкiнiштi жағдайларға тап болмас үшiн ағылшындық психологтардың төмендегiдей кеңестері назарларыңызда болсын.



*Мiндеттiмiн. Бұл сөздiң пайдалы тұстарынан кейде зиянды жақтары көп болады. Егер де өзiңiздi бiрнәрсенi iстеуге мiндеттi санасаңыз, ол ой Сiздiң санаңызды езiп, уақыт өткен сайын бойыңызда ауырлық сезiмiн қалыптастырады. Сол себептен оны «Қалаймын» деген сөзбен ауыстырыңыз. Мысалы, «Мен оған көмектесуге мiндеттiмiн» деудiң орнына «Оған жәрдем берудi қалаймын» деп iске кiрiссеңiз, бойыңыз жеңiлдеп, өзiңiзге және өзгеге қуаныш сыйлағандай сезiмде боласыз.

*Таңдау мүмкiндiгiм жоқ. «Менiң таңдау мүмкiндiгiм жоқ. Осы iстi бiтiруге тиiстімiн». Бұл қате пiкiр. Таңдау мүмкiндiгi әрқашанда болады. Алдымен барлық жағдайды ой елегінен өткізіп алыңыз. 30 секунд бойына терең дем алып, дем шығарыңыз. Содан кейін өз-өзiңiзге «Алдымен осы iстi бiтiре салайын, содан кейiн қалғанын көре жатармын» десеңiз iсiңiз жылдам бiтетiн болады.

*Қолымнан келмейдi. Бұл сөздi адам көп мәрте қайталаған сайын оның өзiне деген сенiмi жоғала бередi. Мұндай адамдар өздерінің алдарына ойша қабырға тұрғызып, соны бұзудың орнына крісінше уақыт өткен сайын оны «қалыңдата береді». Мұндай орынсыз шектеуден құтылу үшін ол сөздің орнына «Әзiрге мен оны қаламаймын» немесе «Бүгiнше бұл менiң қолымнан келмегенмен оны келешекте жүзеге асыратыным сөзсiз» деген сөздердi қолданыңыз.

*Мұны жүзеге асыруым мүмкін емес. Адамның алға жылжуын болдырмайтын үлкен ой кедергілерінің бірі. Мұндай адамдардың ерік-жігерлері төмен болып, үлкен тәуекелдерге бара алмай жатады. Ал, өмiрде өз ерік-жігерімен жұртты таң қалдырғандар (1998 жылы мүгедек жан әлемнiң ең биiк шыңы Эверестi бағындырса, атақты миллиардерлердiң басым бөлігі кiшкентай кездерiнде сiңiрi шыққан кедей болған) бар. Сондықтан ол сөздiң орнын, «Бiраз күш салсам бұның да жолын табуыма болады» деген сөзбен алмастырыңыз.

*Ешқашанда! Кең тараған сөздердiң бiрi. Алайда көп жағдайда «Ешқашанда көргiңiз келмейтiн адаммен» күнiне бiрнеше мәрте кездессеңiз, «Ешқашанда бiтiре алмайтын iсiңiздің» шешімі өзінен-өзі табылып, көп жағдайда тез бiтiп жатады. Сондықтан ол сөздi қолданбас бұрын «Ешқашанда, ешқашан деме» деген мақалды есiңiзге түсiрiңiз.

*Ал мүмкiн,... Көп жағдайда бiреуге немесе бiр мәселе жөнiнде күдiктенгенде айтылатын сөз. Есiңiзде болсын, күдiк тек сенiмсiздiктiң ғана емес, сонымен бiрге жүйкеңiздi құртатын «№1 жау» болып табылады. Сондықтан iстiң байыбына бармай жатып, өз жұйкеңiздi болмайтын жайлармен жұқартпаңыз. Одан да оны «Сәл тағы да күтейiк», «Бұның лайықты себебi бары анық» секiлдi сөздермен алмастырып, үмітіңізді үзбеңіз.

Дереккөз: Reactor
Все новости