|    |  
25 сәуір 2019
07:16
Құймақ қалай әзірленеді?
25 желтоқсан 2018, 14:30 6



Құймақ дайындау үшін керек өнімдер: 

0,5л. айран 
1 жұмыртқа 
2 ас қасық қант 
1 шай қ. тұз 
2,5 стакан ұн 
1 шай қ. ас содасы 

Дайындалуы: 

1. Жұмыртқаны шанышқымен әбден араластырғаннан кейін айран қосамыз. Айран мен жұмыртқаға қант, тұз және ұнды салып қозғаймыз. Соданы ең соңында қосқан дұрыс. Барлық өнімдерді салғаннан кейін жақсылап араластырып, 15-20 минутқа қойып қоямыз. 

2. Табадағы май қызғаннан кейін астын бәсеңдетіп, сұйық қамырын ас қасықпен саламыз. Әр бетін төрт-бес минут қуырамыз. Дайындалуы өте оңай, ешқандай қиындық тудырмайды. Нәтижесінде суреттегідей қалың, жұмсақ құймақтар әзірленеді.  Астарыңыз дәмді болсын! 
 
Дереккөз: Reactor
Все новости