|    |  
17 қазан 2019
10:26
​Қылмыскердің қабірін екі жыл күзеткен жігіт болашақ жарын жолықтырған
20 маусым 2019, 17:29 190
Желі қолданушысы басынан өткен қызық оқиғасымен бөлісті. Оқиға оны әкесі қайтқан күннен басталған. Жігіт әкесі қайтыс болғаннан кейін оның қабіріне үнемі барып, гүл апарып жүрген.




Бір күні әкесінің қабірінің жанындағы белгісіз біреудің қабірін байқаған. Ол қабірге ешкім келмеген. Содан ол әкесіне келген сайын сол қабірге де гүл әкеліп жүрген. Осылай екі жыл бойы жалғасқан. Бір күні ол жаңағы қабірдегі адамның аты-жөнін интернетке жазып, ол туралы ақпарат іздеген. Сол кезде оның өз отбасын қырып салған қылмыскер екенін білген. Қылмыскер өзінің әйелі мен әйелінің әке-шешесін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Осы кезде өзін кінәлі сезінген жігіт оның әйелі мен ата-анасының қабіріне барған. Сол кезде сол қабірге марқұм әйелдің сіңілісі де келген. Жігіт пен қыз сол жерде танысып, кейін табысқан.
 
Дереккөз: Лайф.ру
 
Все новости