|    |  
14 желтоқсан 2018
22:00
​Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн тіркеусіз жүре алады
06 маусым, 11:14 632


ҚР үкіметаралық келісімге Қырғызстан азаматтары мен қазақстандықтарға республика территориясында 30 күн тіркеусіз жүруге рұқсат беретін өзгерістер енгізді деп хабарлайды ІІМ. Бұл туралы radiotochka.kz жазды.

Бұған дейін Миграция жөніндегі мемлекеттік қызметтің орынбасары Алмазбек Асанбаев қырғыз азаматтары ҚР-да тіркеусіз тек 5 күн жүре алатындықтан, тепе-теңдік жасап қазақстандықтардың да тіркеусіз жүру уақытын 30 күннен 5 күнге қысқарту керек деп мәлімдеген болатын.

«Тепе-теңдік сақтау мақсатымен ЕАЭО аясында екі ел азаматтарына тіркеусіз 30 күн жүру туралы рұқсат беретін «Қазақстан Республикасының азаматтары Қырғыз Республикасында, Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасында жүру туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама» қол қоюға әзірленді», — дейді мекеме.
Все новости