|    |  
18 қараша 2018
21:31
​Қырғыз телеарнасы қазақстандық «Келинка Сабина» комедиясын эфирге заңсыз шығарған
21 шілде, 16:18 674

 
Қырғызстанның TV1KG телеарнасы қазақстандық «Келинка Сабина» комедиясын өз эфирлерінен рұқсатсыз көрсеткен. Осыдан кейін фильм режиссері Нұртас Адамбай  телеарнаны сотқа бермекші болып, кейін бұл ойынан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы Нұртас Адамбайдың әкімшісі Еркан Жапаров мәлімдеген.
 
Қырғыз телеарнасының қазақстандық комедияны көрсетіп жатқаны туралы режиссерге Бішкек тұрғындарының бірі хабарлаған.
 
"Қазір түсініспеушілік шешілді. Тараптар мәселені сотқа жеткізбей шешті. Біздің құқықтарымызды енді бұзбайтын болса біз соттасуға ниетті емеспіз»-деді Жапаров.
 
TV1KG телеарнасының өкілі Равшан Личаню қазақстандық режиссерге кешірім сұрап, хат жолданғанын хабарлады. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Автор бізді кешіреді деп үміттенемін. Құқық иесінің картинасын енді рұқсатсыз көрсетпейміз. Фильм кезінде жарнама бермедік. Комедияның екі бөлімі де керемет, өте күлкілі. Автор жарайды!»-деп жазған.
 
Сондай-ақ ол егер автор фильмнің екінші бөлімін Бішкек кинотеатрларында прокатқа шығарғысы келсе өтемақы ретінде эфирден трейлер көрсетуге дайын екендіктерін айтты.
 
Дереккөз: ratel.kz
Все новости