|    |  
21 наурыз 2019
10:41
Қырыққабат қосылған бәліш
30 қараша 2018, 17:50 5

 
Қамырын илеу:
1 стақан су
1 стақан сүт
5 ас қасық сұйық май
0,5 кіш.қасық тұз
0,5 кіш. қасық ашытқы
1ас қасық толтырып қант
Қажетті мөлшерде ұн
 
Дайындау тәсілі:
 
Осы заттардың барлығын қосып ,қолға жабыспайтын қамыр илейміз. Қамыр ашығанша жылы жерге жауып қоямыз. Ашығанда 1-2 рет қамырды бастырасыз.
 
Салмасына:
 
Қырыққабатпен сәбізді қуырамыз. Дайын болған қамырды дөңгелектеп біраз қоя тұрамыз. Қамыр көтерілгенде ішіне суыған салманы салып түйеміз. Түйілген бәліш пісірілетін табағында 20 минут тұру керек (көтерілу үшін). Одан кейін пешті 200 градусқа қойып, қызып тұрған пеште қызарғанша пісіреміз. Пирожкидің бетіне жұмыртқа жағуды ұмытпаңыздар!

Дереккөз: Reactor
Все новости