|    |  
17 желтоқсан 2018
05:18
Қытай ғаламторында "N" әрпін қолдануға тыйым салынды
01 наурыз, 10:26 135
Weibo әлеуметтік желісінде латынның  "N" әрпі бар сөздерді енді таба алмайсыз.  



Ғаламтордағы бұғаттаулармен айналысатын белсенділер бұл символға тыйым салыну себебін «лауазымдағы n мерзім» сөзін пайдаланумен байланыстырады.

Тыйым салынған сөздер қатарында «өмір бойғы», «ажалсыз», «тұлға культі» сөздері мен Қытайдағы азаматтық соғыс туралы «Скотный двор», «Дивный новый мир», «1984» кітаптарының, «Винни Пух» мультфильмдер сериясының атауы бар.

Сондай-ақ "Си Цзэдун" есіміне де тыйым салынған. Бұл есім Қытайдың Коммунистік партияларының басшылары Мао Цзэдун мен Си Цзиньпиннің, 20-ғасыр басында Қытай империясын қалпына келтіруге тырысқан әскери қолбасшы Юань Шикайдың есімдерінің қосындысынан шыққан.
 
Әлеуметтік желілердегі мұндай қатаң талаптар Қытай Компартисы Орталық комитетінің мемлекет басшысының мерзіміне шектеуді алып тастау туралы ұсынысынан кейін шыққан. Егер бұл шешім партия пленумында қолдау тапса қазіргі басшы Си Цзиньпин 2023 жылы екінші мерзім аяқталғаннан кейін де өз орнында қалауы мүмкін.



Дереккөз: Сегодня
Все новости