|    |  
17 желтоқсан 2018
00:49
​Қытайда қор нарығы құлдырады
28 шілде, 15:12 979
Шанхай биржасындағы индекс таңертең 4,3 пайызға төмендеді. Ал Гонконгтік қаржы институтындағы көрсеткіштер 0,5 пайызға, жапондық Никкей 1,1 пайызға азайды.



Қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Қытайдың Орталық банкі осы салаға 50 миллиард юань құятынын жеткізді. Ал кешегі сауда-саттықтың соңында акциялар жаппай сатылып, соңғы 8 жылдағы рекордтық құлдырау болды. Хуан Цэньдун, Guojin Securities сарапшысы: - Инвесторлар үкіметтің бұл жағдайды реттейтініне сенім артып отыр. Меніңше, олар бұдан опық жейді. Себебі билік индекс көрсеткіштерінің өсуіне емес, өтемпаздықты арттырып, экономиканы тұрақтандыру жолында шаралар қабылдап жатыр.

Дереккөзі:24.kz
Теги: Бизнес
Все новости