|    |  
14 қараша 2018
15:56
Қытайда нөсер жауын мен дауыл кезінде 90-ға жуық адам қаза тауып, 800-ге тарта адам жарақаттанды (ВИДЕО)
24 маусым, 11:18 945


Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Яньчэн қаласында және елдің шығысындағы өзге де қалаларда нөсер жаңбыр мен алапат дауыл салдарынан 90-ға жуық адам көз жұмып, 800-дей тұрғын жарақат алды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 200-ге жуық зардап шегуші ауыр жарақат алған, олар мүшкіл халде жатыр. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталмаған, билік өкілдері құрбандардың саны өсуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірқатар елді мекенде электр тоғымен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр.
Нөсер жаңбырлы дауыл Цзянсу провинциясының бірнеше ауданында 23 маусым күні түстен кейін басталған. Табиғат апатын көргендердің айтуынша, қатты жел көліктерді аударып, ағаштарды сындырып, үйлердің шатырын жұлып әкеткен. Билік зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде мыңға жуық баспана-шатыр мен 2 мыңнан астам төсек бар.
China Daily газетінің электронды нұсқасының жазуынша, дауыл екі зауытты қиратқан. Басылымның хабарлауынша, мекемелерде қауіпті химикаттар сақталған, алайда қауіпті заттар қоршаған ортаға таралып кетуіне қатысты мәімет берілмеген.
Метеорологтардың хабарлауынша, желдің қарқыны кей жерлерде 35 м/с-ге жеткен.  Бұл дауыл 1966 жылы Яньчэн қаласында соққан дауылдан кейінгі ірі табиғат апаты ретінде тіркелді. 



Все новости