|    |  
13 қараша 2018
09:44
​Қытайдағы елші әріптесімен көңіл жарастырғаны үшін жұмысынан шеттетілді
18 қазан, 11:38 717

 
Нидерландының Қытайдағы елшісі Рон Келлер қытайлық әріптес келіншекпен көңіл жарастырғаны үшін жұмысынан уақытша шеттетілді. Қазір олардың байланысы тексерілуде. Дипломаттың  жұмысынан уақытша шеттетілгені туралы Нидерландының Сыртқы істер министрлігі хабарлаған.
 
Елшінің әріптесімен байланысы жақында ғана белгілі болған. Бұл елшілік жұмысының ережелеріне қайшы. Дипломаттардың өздері жұмыс істейтін елдің азаматтарымен жұмыстан тыс жақын қарым-қатынаста болуы құпталмайтын іс. Себебі түрлі қауіп бар. Мысал үшін, дипломаттың көңіл қосқан адамы жергілікті барлау қызметінің агенті болуы мүмкін.
 
Рон Келлер бұл лауазымға 2015 жылдың желтоқсанында тағайындалған. Бұған дейін ол Түркия мен Ресейде елшілік қызмет атқарған.
 
Дереккөз: korrespondent.net
Все новости