|    |  
14 қараша 2018
07:41
Қытайлық қандасымыз қала әкімі қызметіне сайланды
10 ақпан, 12:08 3694
Қытайға қарасты Тарбағатай аймағы, Шиху қаласының бастығы болып, қандасымыз Дәлелбек Кенжеқанұлы тағайындалды деп хабарлайды BAQ.KZ.  


«Тәңіртау» торабының дерегінше, Дәлелбек Кенжеқанұлы Шиху қалалық 4 кезекті халық құрылтайы, 2 жалпы мәжілісінде сайланған. Құрылтай жиынына қатысқан 148 өкіл жасырын дауыс беріп, соңында қала әкімдігіне қандасымыз лайық  деп танылыпты.
Шиху - Жоңғар жазығының жиегіне орын тепкен, тоғыз жолдың торабы саналатын маңызды, тарихи қала. Ежелде ойраттардың хошут тілінде Шиху – «Көр харусұн» деп аталыпты. Бұның мағынасы «мол қара су» деген сөз болса керек.  Ежелгі Жібек жолы да осы Шиху қаласынан өткен. Шихудың тағы бір ерекшелігі - онда елге әйгілі Ақ сексеуіл қорығы бар. 1945 жылғы Гоминдаң қытайларына қарсы соғыста қала әскери бекініс болып, штаб орналасқан. 
Все новости