|    |  
13 қараша 2018
09:42
Қызанақтың денсаулыққа пайдасы
09 тамыз, 16:57 1158

Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай.

Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.

Қызанақ қандай ауруларды емдеуге қауқарлы?

Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде біреуін жеу керек. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады. 
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.

Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, күйзеліс және нашар көңіл күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни, бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам күйзелістік күйге тез түседі. Сондықтан, қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.

Қызанақ катарактаның алдын алады

Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жас ұлғайғанда пайда болатын катарактадан қорғайды. Өйткені, қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.

Қызанақтың құрамында бета-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.
Теги: Денсаулық
Все новости