|    |  
17 ақпан 2020
08:31
Қызға айтар өсиет
22 қаңтар 2020, 09:47 37


Ыбырайым пайғамбар үйінде тамақты жалғыз ішпейді екен. Бір күні қызы:
– Әке, қашанғы біреуді күтіп отырасыз. Тамақ суып қалды. Іше беріңіз, – дейді. Ыбырайым:
– Қызым, ақиретте көрген қызық, ішкен-жегеннің бәрінің сұрауы бар. Көппен отырып, қонақпен бөліскен тағамның сұрауы болмайды. «Берген аста береке бар, бермеген аста біте бар» деген. Дос болсын, дұшпан болсын, асты бөлісіп же, – деді.
Қызы да содан бері жалғыз отырып ас ішпейтін болыпты.

Дереккөзі: 120
Все новости