|    |  
24 тамыз 2019
03:01
Қызылордада тұшпара қосылған бешбармақ той қонақтарын таңырқатты (фото)
26 тамыз 2016, 11:43 58


Қызылордада той қонақтарына тұшпара қосылған бешбармақ ұсынылды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Б.Қожахметов өзінің желі парақшасында мәлімдеп, фотосымен бөліскен.

"Нанның орнына тұшпара салады екен ғой Сырдың елінде, таң қалдым", - деп жазған автор желі қолданушылары арасында пікірталас тудырды.



"Қанша жыл Қызылордада ет жеп жүріп, мұндай етті бірінші көруім", "Той тойға ұлассын! Бірақ Үлкен асқа тұшпара салу - Сырға қатысы жоқ үрдіс. Сырда көптен бері тұрып жатқан, бірақ басқа жердің адамдары болар? Негізі бөлек түрлі тағамды кезек-кезек тарту бар Қызылордада, бірақ əр тағам өз жолымен", "Бұлай болмайды. Онсыз да көп етке, қамырға оралған етті тағы қосса не қалды?", "Екі түрлі ұлттық тағамды біріктіру дұрыс емес", "Үстіне палау мен борщ қосу керек еді", - деп жазған желі қолданушылары мұндай ерекше тағам түрі Жаңақорғанның тойларында да әзірленетінін алға тартқан.


Дереккөзі: Фейсбук әлеуметтік желісі
Все новости