|    |  
17 қазан 2019
07:41
​Lamborghini сатылымы Ресейде рекордтық көрсеткішке жетті
11 шілде 2016, 12:19 27

 
Ресейлік Lamborghini өкілдігі биылғы бірінші жарты жылдықта люкс санаттағы спорттық автокөліктер сатылымының рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлады. Көрсеткіш  20% құраған. Компанияның әлем бойынша осы кезеңдегі сатылымы 7% өскен. Қаңтар-маусым аралығында 2013 суперкар сатылса, оның 416-сы өткен айға тиесілі.  Lamborghini алты айда 1370 Huracan және  643  Aventador сатқан. Сатылымның өсуіне жаңа Huracan Spyder және Huracan темір тұлпарларының нарыққа шығуы, сондай-ақ  Aventador моделіне жоғары сұраныстың сақталуы ықпал еткен. Automobili Lamborghini компаниясының басшылығы алдағы уақытта да сатылым көрсеткішін арттыруға ниетті.
 
Дереккөз: insider.pro
Все новости