|    |  
20 қараша 2018
05:00
Латвияда түрме түріндегі қонақ үй қызмет етуде
21 қыркүйек, 10:16 890

Өміріңіздің бір күнін түрмеде өткізуіңізге болады. Латвияның Кароста қалашығында түрме түріндегі қонақ үй қызмет етуде. Мұнда келген саяхатшылар теңіз жағасындағы демалыстың орнына бір күн өзін сотталушы сезіне алады. Қонақжай қызметкерлердің орнына оларды қатал күзетші қарсы алады. Келушілер абақты камерасында бір күнді өткізу бұл жай ғана ермек емес тарихқа шолу жасау дегенді айтады. Айта кетейік, Кароста түрмесі XX ғасырдың басында пайда болған. Алғашында Балтық теңізінің жағалауындағы бұл нысан үшінші Александрдың бұйрығымен әскери-теңіз базасы ретінде құрылған екен. Лаила Бетере, келуші: - Мұнда естен кетпестей әсер алуға болады. Бұл тарихтың бір бөлігі ғой. Мен оны кітаптан оқығынша өз көзіммен көрген дұрыс деп шештім. Сол себепті осында келдім.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости