|    |  
05 желтоқсан 2019
22:04
Лайфхак: Тар аяқкиімді қалай кеңейтуге болады?
24 шілде 2019, 18:25 65


Әдетте дүкеннен сатып алған аяқ киіміміз таңдау барысында аяғымызға шақ келеді. Ал жұмысқа бара жатқан кезде аяғымызды қысып, қажап мазамызды қашырады. Мұндай жағдайда не істейміз? 

Ең алдымен, аяқ киім сатып алуға байланысты бірнеше кеңес ұсынамыз: 

Жаңа аяқ киімді күннің алғашқы бөлігінде өлшемеңіз. Кешкі мезгіл таяп қалғанда адамның аяғы ісініп, шақ болып тұрған аяқ киім сыймай қалады. Сол себепті оны киіп көру мәселесін күннің екінші бөлігіне қалдырыңыз. 

Жаңа аяқ киімнің аяққа шақ болуын қадағалаңыз. Егер кісілігі тар болса, жаңасын сатып алуға асықпаңыз. Аяғыңыз ішінде ойнап, артынша жара пайда болады. 

Туфлиді қалай кеңейтеміз? 

Бірінші тәсіл. Жаңа аяқ киіміңіз қатты ұнаса да, көптің алдына оны киіп шығуға асықпаңыз. Алдымен бөлме ішінде жарты сағаттай жүріп көріңіз. Күнделікті 30 минут бойы осы әрекетті қайталасаңыз, бір апта ішінде аяқ киіміңіз кеңейеді. 

Аяқты қажайды деген жерлерге пластырь жабыстырып қойыңыз. Егер туфлидің тым тар екенін сезсеңіз, кимес бұрын ішіне арақ немесе спирт жағыңыз. 

Екінші тәсіл. Ішіне ыстық су құйыңыз. Бұл тәсіл тері, нубук, күдері және велюр сынды аяқ киімдерге сай келеді. Материал ыстық судың арқасында кеңейіп, артынша аяғыңыздың формасына сәйкес күйге енеді. Таза судың да еш ізі қалмайды. 

Үшінші тәсіл. Газетті сулап, туфлидің ішіне нығыздап салып, кепкенін күтіңіз. Оны батареяға немесе пештің үстіне қойып кептірудің қажеті жоқ. Кептіретін болсаңыз, оңайлықпен жазылмайтын кедір-бұдыр іздер қалып қояды. 

Төртінші тәсіл. Дүкеннен аяқ киімді кеңейтуге арналған спрей сатып алыңыз. Мұндай спрейдің тек табиғи материалдарға ғана жарайтынын айтқымыз келеді. 

Ең бастысы – өзіңізге тура келетін аяқ киімді ғана сатып алыңыз. Кейде аяқ киім қатты ұнап, өзімізге шағы болмай қалса, кішісін немесе үлкенін сатып алатын кездеріміз болатыны жасырын емес. 

Артық кетпеңіз! Кей қыз аяқ киімін кеңейтемін деп, көлемін үлкейтіп алып жатады. Осының салдарынан көше бойында шешіліп қалып, ұятқа қалатын кездері болады.
Все новости