|    |  
26 маусым 2019
06:51
​Ләйлә Сұлтанқызы: Ішімнен 2-3 литр майымды сорғызғанмын
03 маусым 2019, 16:12 156
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Қарақатпен шәй» бағдарламасына сұхбат беріп, сұлулық сырларымен бөлісті.


 
«Мен 24 жасымнан диспорт, ботокс салдырған адаммын. Себебі менің терімнің типі ерте қартаятын типке жатады. Мен оны ашық айтамын, жасырған емеспін. Уақыт өте келе олар күшін жоя береді. Басында бір жылға жетсе, келесілерінде бір-екі айға ғана жететіндері болады. Көзімнің артық салбырап тұрған терісін алдырдым. Бірақ формасын өзгерткен жоқпын. Пластикаға дұрыс қараймын. Бетіме мезотерапия, ботокс, екпе саламын. Беттегі теріні әлі тартқызған жоқпын. Елімізде алғашқылардың бірі болып липосакция жасатқан қызбын. Ол қарын майын тартқызу, сорғызу. Мен оны он жыл бұрын жасаттым. Екінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін ішім кетпей қойды. Сол кезде 2-3 литр майымды сорғызғам. Өзіме көрсетті. Әрине, ол қорқынышты процедура. Бірақ менде басқа амалым болмады. Тамақтан да тыйылдым, спортпен де шұғылдандым. Болмады»-дейді журналист.
Все новости