|    |  
23 тамыз 2019
07:32
​Ләйлә Сұлтанқызы қара нәсілді жігітке шыққан қазақ қызын жақтады
26 шілде 2019, 18:16 257
Күні кеше қара нәсілді жігітке ұзатылып жатқан қазақ қызының тойы желіде жарияланып кеткен болатын. Осыған байланысты желіде қалың шу болған еді. Желі қолданушылары бойжеткенді жерден алып, жерге салған. Осы орайда белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бойжеткенді жақтап шыққан.


 
«Бәрі қара нәсілді жігітке тиген қызды жерден алып, жерге салып, ит терісін басына қаптап жатыр. Енді өздеріңіз елестетіп көріңіздер, сіздің де жар дегенде жалғыз қызыңыз бар. Өсті, өнді. Өте жақсы тәрбие беріп, оқыттыңыз. Үмітіңізді ақтады. Дипломды қолыңызға әкеліп берді, жасы 27-де. Ірі компанияда істейді. Бірақ ғашығы қазақ емес. Оны естіген әкесі үйден қуды, сіз әкесінен аса алмадыңыз. Шетел асып қыз кетті, тізе құшақтап сіздер қалдыңыздар. Уақыт өтіп, сіз де, шалыңыз да шаршадыңыздар. Намыс пен елдің сөзі жібермейтін сіздер де қартайып, күнде жылайсыздар. Айдалада қыз бақытсыз, үйде сіздер бақытсызсыздар. Міне осыдан кім бақытты болды? Кімге жақсы? Көршіге ме? Ол қыздың анасын кінәлаудың түк керегі жоқ. Бірде-бір ана қызына "Басқаға тұрмысқа шық" деп айтпайды. Олай тәрбиелемейді. Бұл - тағдыр! Оның үстіне, сол жігіт қызды бақытты қылатын шығар, қайдан білесіздер?» - деп жазған журналист.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости